Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үстіне тал құлап кеткен студентке ҚазҰУ көмектеспек

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті Мөлдір Ержанова аялдама жанындағы талдың құлауынан зардап шеккен.

80e57c7fc938c1568618904f8769ef8b

Фото: newstaraz.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Дәрігерлердің айтуынша, студенттің жағдайы ауыр.

“Қазіргі таңда мамандар оның жағдайын қарап, шаралар қабылдау үшін қызмет жасауда. Осыдан соң барып оған операция жасау керек пе, жоқ па деген сауал шешілетін болады”, – дейді №7 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Ильдар Құрманов.

ҚазҰУ баспасөз қызметі университет тарапынан қажетті көмектің көрсетілетінін мәлімдеді.

“ҚазҰУ басшылығы бұл жағдайдан хабардар. Бұл ҚазҰУ аумағында болған жоқ, дегенмен университет тарапынан студентке міндетті түрде көмек көрсетіледі”, – деп хабарлады.

Алматы қаласы Бостандық ауданы абаттандыру жөніндегі жетекшісі Ренат Сейдраманов құлаған ағаштың қурамаған, жасыл тал екенін айтып отыр.

“Бұл табиғаттың тосын жағдайы. Сап-сау тұрған ағаштың неліктен құлап кеткені белгісіз. Сондықтан әлдебіреу кінәлі деп айту қиын”, – деді ол.

Талқылау