Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы зообағындағы ауру жолбарыстың жағдайы жақсара бастады (видео)

Желіде Алматы зообағындағы ауру жолбарыстың орнынан тұрып, тамақ салынған табаққа жақындаған видеосы пайда болды. Осы сәтті түсірген адам кадр сыртында тұрып сол күннің 1 мамыр екенін айтады.

Құралай

Видеодан жолбарыстың денесіндегі жараның кетпегені, орнынан әрең қозғалып жанында тұрған табақтағы тамаққа жақындағаны көрінеді.

Көпшілік жұрт талқысына түскен Құралай деп аталатын жолбарыстың денсаулығы бері қарап жатқанын зообақ әкімшілігі арнайы түсіріп, желіге жүктеген болуы мүмкін деп болжайды.

Бұған дейін ресейлік маман бұл жолбарысты емдеп азаптамастан, қолмен өлтіру керектігін ұсынған еді. Себебі ветеринар Құралайды шамандар емдеп дертін асқындырып жіберген деген еді.

Талқылау