Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы зообағы адам танымастай өзгермек

Алматы зообағындағы бірқатар шулы жағдайдан соң біраз өзгерістер жасалмақ. Енді жануарлар мекені бұрынғыдай мәдениетке емес, ауылшаруашылық және ветеринар басқармасына бағынады. Бұған себеп болған қызыл кітапқа енген барыстар мен жолбарыстардың өлімі.

Зоопарк

Сурет today.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Зообақта соңғы 10 жыл ішінде 1300 жануар қайтыс болған. Зообақтың қазіргі басшысы Қанат Кәрімов жануарлардың өлімге жиі душар болуы 2011 жылы ең биік шегіне жетіп, 15,5 пайызды құрады дейді. Бүгінде бұл статистика 5,3 пайызға төмендеген.

“Бұл жердегі басты проблема жануарлардың қартаюы мен жұптар қатарының сиреуі. Бұл ретте бізде ауыстыруға және жаңасын алуға болатын ереже бар. Сол себепті біз мәселен, шимпанзенің аналығын жирафтың аналығына ауыстыра аламыз. Европа елдерімен де келісім бар”, – дейді Қанат Кәрімов.

Алдағы уақытта зообақтың сыртқы келбеті де өзгермек. Қазіргі кезде архитектор Питер Разбах зообақ құрылысының жаңа жобасын дайындап жатыр екен. Шетелдік маман жануарларды ұстауда әлсіз, халықаралық талаптарға сай келмейтін 80 тор-мекенді толықтай ауыстыруды ұсынып отыр. Басшылық та тәжірибелі маманның ұсынысына сүйенбек. Өйткені Разбах бұған дейін Берлин, Турин, Дубай зообақтарын жобалаған.

Талқылау