Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары жинап берген қаражатқа Жанельге ота жасалды

Алматыда қайырымды жастар екі ай бойы алма сатып екі бүйрегі істен шыққан Жанельдің отасы үшін 12 миллион теңге қаражат жинап берген еді.

14709413_1674943906149760_4719419960173002752_n

Кеше сол қаражатқа Алматыда ота жасалды. Дәрігерлер науқас қыздың бүйрегін алмастырды. Бұл туралы “Қайырымды жандар” ұйымының негізін салушы Мәулен Алғазы instagram парақшасында жазды.

“Кеше Алматыда отандық дәрігерлер кішкентай Жанельдің бүйрегін алмастырды. 5 сағатқа созылған операция білікті мамандардың қатысуымен сәтті өтті! Қазір кішкентай ханшайым жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің қатаң бақылауында! Жүрегі алып-ұшқан ата-анасы дәл қазір қызының негізгі палатаға ауысуын тілеп, аурухана дәлізінде күтуде. Барша халықтың дұға-тілектерін Алла қабыл етіп, Жанель аман-есен толық жазылып шығуына тілекшіміз!”, – деп жазады ол.

Бастапқыда Жанельге отаны шетелде жасатпақ болған. Алайда, шетелде ота жасауға қаражат жетпегендіктен, бүлдіршіннің ата-анасы отандық мамандардың көмегіне жүгінді.

Бұған дейін қайырымды жастардың күннің суығында алма сатып науқас қыздың еміне 12 млн теңге жинап бергенін хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда науқастар перхентхана ішінде қандалалар барын айтып шағымданды

Қазақстандық ғалымдар қымыздың адам өмірін ұзартатынын дәлелдеді

Шамадан тыс көп су ішіп қойған әйел ауруханадан бір-ақ шыққан

Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды

Талқылау