Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы вокзалында түнеп жүрген әртісті қыздары осы күнге дейін іздестіріп келген

Ресейлік танымал композитор Әбдіғапар Әлішев Алматыға келіп, далада қалған. Қазір ол отанына орала алмай жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлішевті суретші Салтанат Тәшімова көшеден жолықтырып, үйіне алып келген. Ол қарияны өз үйінде тұрғызыпты.

Композитор ата-бабаларының моласын көру үшін отанына келген екен. Сонымен қатар қарияның есте сақтау қабілеті нашарлаған.

«Осылайша Алматы қаласына келген… Еш қаражаты жоқ. Екеуіміз Опера театрына барар жолда кездесіп қалдық. Қария тетарда 60-70 жылдары 5 жылдай қызмет еткен екен. Мен оны Кеңсайға алып бардым. Ол жерде көп жүріп, бәрін араладық. Бірақ қарияның үйі мен туыстарын таппадық», – деп жазды Тәшімова Facebook желісіндегі парақшасында.

Композитордың бұрынғы әйелі қыздарын әкесіне қарсы тәрбиелеп, олардың араласпауы үшін небір әрекетке барған екен.

«Ол 10 жасынан 20 жасқа дейін Ваганов атындағы Ленинград хореографиялық училищесінде білім алған. Түсінгенімше, күйсандықта ойнауды, ән айтуды, сольфеджионы үйренген. Ол әлі күнге дейін күйсандықта тамаша ойнайды. Ән жазып, ән айтады. Нальчикке кеткеннен кейін молдаван әйелге үйленген. Бірақ әйел нақсүйерімен ұстап алып, ажырасып кеткен екен. Ол кезде үш қызы шамамен бір жарым жаста болған… Бұрынғы әйелі қыздарын әкесіне қарсы тәрбиелеп, онымен арласпауы үшін небір әрекетке барған… Осы себепті қария көп уайымдайды», – деп жазды Тәшімова.

Тәшімованың айтуынша, ол Ресей елшілігіне көмек сұрап хабарласқан екен. Алайда елшіліктегілер көмек көрсетуден бас тартыпты. Ал қария Нальчик қаласында бір бөлмелі пәтері барын және зейнетақы алатынын айтты.

«Не істерімді білмеймін. Қайда апарамын? Өзімнің де пәтерім тар. Ақшам жоқ. Бірақ ол кісіні далаға тастай алмаймын», – деп жазды суретші.

Анықталғандай, композитордың қызы Роза әкесін Ресей полициясы көмегімен іздестірген екен. Бірақ іздестіру шарлары еш нәтиже бермеген. Композитордың құжаттарының арасынан қызының телефон нөмірін тауып алған Тәшімова Розамен хабарласыпты. Ол әкесі Нальчикке жетуі үшін билетке ақша беріп жіберуге уәде берген.

«Маған қарияның қыздарының бірі Роза хабарласты. Ол әкесін біраз уақыттан бері Ресей полициясы көмегімен іздестіріп жатыр екен. Ол әкесінің Алматыға кетуді ұйғарғанын білмеген… Маған алғысын айтып, әкесінің Нальчикке жетуі үшін билетке ақша беріп жіберуге уәде берді», – деп жазды Тәшімова.

Оқи отырыңыз:

Орал тұрғыны өзін Қазақстан азаматтығынан айыруды сұрап отыр

Ескерту: Алматыда жауынның арты көктайғаққа ұласуы мүмкін

Қазақ жерінен табылған «Алтын адам» әлемді аралайтын болды

Павлодарда моншада танысын соққыға жыққан аудан әкімінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

Талқылау