Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғынының балалар үйінен асырап алған ұлын 2 жылдан соң тастап кеткен анасы қайтып алмақ

Алматылық Гүлжан Килибаева бір жылдан аса өзі асырап алған баласы үшін соттасып жатыр. Баласын босана сала балалар үйін тастап кеткен өз анасы 2 жыл өткен соң оны қайтып алуға іздеп келген.

пп

Бұл туралы Алматы арнасы хабаралйды.

Анасының басында баспанасы, қаржылай мүмкіндігі жоқтығына қарамастан сот баланы өз туған анасына беруге шешім қабылдаған.

Гүлжан Килибаева мен күйеуі 9 жылдан бер бала сүйе алмаған соң бала асырап алуға бел байлайды. Олар бас ми жарақаты бар және анемиямен ауыратын 5 айлық Жеңісті асырап алады. 1 жарым жылдан бері бауыр басып, асырап баққан ата-аналар Жеңістің де оларға әбден үйреніп қалғанын айтады.

«Егер баланы бізден алып кететін болса, біріншіден балаға ауыр соққы болады. Ол кішкентай болса да, бәрін біледі. Бізге бауыр басып қалған», – дейді асырап алушы Гүлжан.

Сот психологтың айтуы бойынша баланың биологиялық анасының күйзеліске салынғанынан о баста баладан бас тартқанын есепке алып, оған баланы қайтаруға шешім шығарған. Алайда, қалалық прокуратураның пікірі бөлек.

«Келтрілген мәліметтерге сәйкес, ол психологтың психиатр емес екенін анықтадық, ол мұндай жауап айтуға құқылы емес. Оның үстіне өз позициясын сот отырысында айта алмайды. Биологиялық анасының жеке баспанасы жоқ. Ол 1 бөлмелі пәтерді жалдап тұрады. Біз қосымша тексеріс жүргіздік. Оның үлкен қызы Алматы облыстық интернатта мемлекет қамқорлығымен өсіп жатыр», – дейді Алматы қаласы прокуратурасының 4-басқармасының прокуроры Бақұстар Қыдырбаев.

Қадағалау органдары енді бас прокуратураға касациялық шағым түсірмек. Алматылық прокурорлар бала асырап алу кезінде құжат рәсімдеудің қиындығын болдырмаудың жолын тапты. Олар баланы асырап алу кезінде органдардың бала қамқорлығын өздері қарастыра отырып, асырауға беруге шешім қабылдауды сұрайды. Сонда олардың шешімі азаматтық тіркеуге жазылады. Яғни, баланы алу туралы куәлік ретінде жүреді.

Олардың бұл ұсынысын бас прокуратура мақұлдап, үкіметтің қарауына жіберді. Келесі жылдан бастап бала асырап алу отбасы институтын құрылады. Ерлі-зайыпты 4 баладан 10 балаға дейін асырап ала алады. Олардың әрқайсысы үшін 150 мың теңге ақша төленеді. Елімізде 29 мың жетім бала бар. Оның 8 мыңы балалар үйінде тәрбиеленуде.

Жіберіп алмаңыз:

Өз бетімен еңбектеніп ақша тапқан 26 жастағы жігіт әлемдегі ең жас миллиардер атанды

Қазақстандық тележүргізуші бейтаныс әйелге өзінің қымбат көлігін мінгізді

Биыл Астанада бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін жағылатын болды

Талқылау