Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны жылу құбыры өтетін жертөледен пәтер жасап алды (фото)

Жылу құбыры өтетін жертөледен пәтер жасап алған. Алматыда жердің астын мекен еткен Иван Лукинский оны тура үйге айналдырыпты. Ақыл-есі түзу жігіт барар жер, басар тауы қалмаған соң, осылай істеуге мәжбүр болған,-деп хабарлайды ктк арнасы.

жертоле.jpg11

Үйінің есігін құлыппен ашады. Ал іші кәдімгі үйге ұқсайды. Жатын орын, тұрмыстық техника, теледидар, компьютер – бәрі де істеп тұр. Қабырғаларына түгел тұсқағаз жапсырған.

жер3

Тек оның барлығын базардан емес, қоқыс аралап жүріп тапқан. Жақын жерден өтетін электр сымын жалғап, үйіне жарық кіргізіп алыпты. Бұл жерден жылу құбыры өтетіндіктен, аядай бөлменің іші жып-жылы. 27 жастағы Иван 3 жыл бұрын Петропавлдан келген екен. Мектеп бітіріп, арнайы оқу орнында бірқатар мамандықты да меңгеріп шыққан.

жер1

Тек жетім өскендіктен, бірде-бір ағайын-туысын білмейді. Енді бар арманы – жұмыс істеп, жұрт қатарлы өмір сүру.

жер2

«Жұмыс істегім келеді. Менің құрылысшы, электрик сынды бірнеше мамандығым бар. Кезінде біреулер жұмысын істетіп, ақшасын төлемей алдап кетті. Қазір мынадай күйде жүрген соң бәрі мені қаңғыбас деп ойлайды. Ұсынып жатса, ешқандай жұмыстан бас тартпаймын»,-дейді Иван Лукинский.

жер4

Талқылау