Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жаңбырды қобыз үнімен тоқтатады

Алматы тұрғыны Төреғали Батырханұлы бір аптадан бері толастамай тұрған жауынды қобыздың қоңыр үнімен тоқтататынын айтып жатыр. Бүгін ол арнасынан асып жатқан Кіші Алматы өзенінің бойына барып, дұға оқып, тәңірден тілеу тілеген.

1

Бұл туралы “31.kz” хабарлайды.

Бақсы көмейге салып, “қаламызды қалқалаған бұлттар тарап, күн ашылсын” деп тілеу тіледі. От жағып, оны айнала секіріп, жөн-жоралғыларын орындады. Ниетіміз қабыл болсын деп, талға шүберек байлады. Соңғы уақытта қазақтар тәңіршілік дәстүрінен қол үзіп кетті деп қаймыққан қала тұрғыны бұдан былай жаңбыр сирек жауып, біртіндеп мүлде тоқтайтынын айтып сендірді.

“Тәңірден тілеу тілеп, жаңбыр-нөсер тоқтасын, Алматыда су апаты болмасын, жер сілкінісі болмасын деген тілекпен шықтым. Тілегімді Тәңірім қабыл етті, күн ашылып келе жатыр міне. Құдай қаласа, енді жаңбыр тоқтайды, жаңбыр жаумайды. Алматының халқы тыныш ұйықтаса да болады енді”, – дейді бақсы Төреғали Батырханұлы.

Талқылау