Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны “Эйр Астана” әуекомпаниясынан 1 миллиард теңге өтемақы талап етті

Алматы тұрғыны Арман Қожасбаев «Эйр Астана» әуекомпаниясынан моральді өтемақы есебінде 1 миллиард теңге талап етті.

Air_Astana_Airbus_320_3 (1)

Алматыдағы Бостандық ауданының соты «Эйр Астана» әуекомпаниясынан көп мөлшерде өтемақы талап етіп отырған тұрғынның арызын қабылдады.

Арман Қожасбаев 2016 жылдың 11 шілдесінде ғаламтордан “Казкоммерцбанктің” Homebank қызметі арқылы үйден шықпай-ақ әйелі мен қызына билет алады. Алайда, «Эйр Астана» ұшар кезде жолаушыларды өткізбейді. Осыдан соң Арман “Казкоммерцбанкке” шағым түсіреді.

Арман билетті 291 мың теңгеге сатып алған. Алайда ол ақша үшін емес, кінәлілердің кешірім сұрауы үшін істі соңына дейін жеткізуге бел байлайды.

Осыдан соң банк пен әуекомпаниясы арасында сотқа дейінгі хат алысу жүрді. Әуекомпаниясы оқиғаға қатысты бір аптадан соң жауап берді.

«Әуебилетін сайтымыздан сатып алған болса, біріншіден, авторизация кодын, екіншіден, карта пен жолаушының құжаттарының тұпнұсқасы талап етіледі. Жолаушылар код пен картаның тұпнұсқасын көрсете алмағандықтан олардың ұшуына жол берілген жоқ. Электронды билеттің құнын төлеген жолаушы осы ережеге келіскен болып саналады», – делінген компания жауабында.

Бұл талап шындығында да сайтта билетті алаяқтық жолмен сатушылардан сақтандыру үшін көрсетілген.

Ал банк өз тарапынан әуекомпанияның алаяқтармен күресу жолында осылай жасап отырғанын, жолаушылардың алаяқтыққа ұрынғанда мәселені өзара шешетінін, оған банктің қатысы жоғын мәлімдеді.

Екі тараптың жауабына қанағаттанбай, оның үстіне кешірім де сұрамағандықтан Арман ақыры сотқа жүгінді.

Ол соттан әуекомпания атынан жазылған біржақты келісім-шартты негізсіз деп тануды, моральді өтемақы есебінде 1 млрд теңге беруді, онлайн-қызмет  көрсету талабын күшеутуді талап етті.

Арман мен заңгер Евгений Сейпульник соттан жолаушыларды мынадай үш жағдайда ғана рейстен қалдыруды сұрады. Олар: егер жолаушы тексерістен өтуден бас тартса, тасымалдау ережесін бұзса, ішімдік ішкен болса.

Істің мән-жайын сот шешетін болады. Евгений Сейпульник Арманның арызы қанағаттандырылып, істе жеңіске жететін болса, оның 1 млрд теңгені қайырымдылыққа жұмсайтынын атады.

Тағы да оқыңыз:

Қырғызстан президентінің қызы тағы бір жалаңаш суретін жариялап, өзгелерге жауап берді

Павлодар облысында 4 жасар бала әкесінің көз алдында өртеніп кетті

АҚШ-та ерлі-зайыптылар фильмнің әсерімен асыранды балаларын өлтіріп тастады

Талқылау