Алматы тұрғыны шұжық арасынан пластмасса тауып алды

Алматылық әйел сатып алған шұжықтың ішінен пластмассаның бір бөлігін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйел шұжықты Тастақтағы фирмалық дүкендердің бірінен алған. Сатып алушы үйіне келіп шұжықты турай бастағанда ішінен көк түсті пластмассаның бөлігі шыққан.

Бұл туралы тұтынушы әлеуметтік желіде бөліскен. «Олар алыпсатар емес, өздері өндіреді. Қалайша бұлай болды? Енді олардың дүкенінен өнім алмаймын», – деді келіншек. Тұтынушының бұл шағымына қатысты өндіруші компания ресми жауап қатты. Өндірушілер бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізбек. «Біз міндетті түрде зерттеу жүргізіп, анықтайтын боламыз.

Бұл шынымен біздің шұшық өнімінің ішінен шықты ма? Ол не нәрсе? Оның бәрін көзбе-көз көру арқылы анықтаймыз. Өйткені, көп жағдайда бақталастар өнімнің суретін жариялап, ақпаратты бұрмалауы мүмкін. Бірақ, біз бұл өнімді түгел үлкен отбасымызбен жеп жүрміз. Ондайды кездестірмедік. Алайда, өндірісте белгілі бір ақаулар болуы мүмкін. Оны бірден түзеуге тырысамыз. Бұл жерде өте салмақты шағым айтылып отыр. Осы өнімді суреттегі күйінде біздің зертханаға өткізу керек. Біз зерттеу жүргізуге дайынбыз», – деді Алимпиев компаниясының өкілі.

Тағы да оқыңыз:

Голливуд актрисасы 106 жасқа келіп қайтыс болды

Головкин ұлымен бірге хоккейге барды

Мұсылмандық бейнесінде жасалған Крещение суаты желіде шу болды 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар