Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны семіздіктен салмағын көтере алмай қалды

140 келі тартатын алматылық Владимир Широков жүріп-тұрудан қалған. Жасы 60-тан асқан ол мес қарынның кесірінен бел омырқасын емдете алмай отыр. Ағзасын май басқан Владимирді рентгенге түсіру де мүмкін болмаған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

2

Владимир Широковтың осылай төсекте жатқанына алтыншы апта. Местей қарны мен тамақтың астындағы кілкіген май қозғалыс былай тұрсын, дұрыстап демалуға мұрша бермейді. Оның үстіне, омыртқасы аурады. Тек қысылғанда дәрі-дермегі үшін қалтырап-дірілдеп тұратыны бар.

Былтыр салмағын азайтпақ болып, 12 келі тастаған да екен. Бірақ мына мес қарын кешегі қыста қайта толысып кетіпті. Артық салмақтың кесірінен сырқаты да асқына бастаған.

“Арқам ауырады. Омыртқам сырқырап, аяғымды бастырмайды. Дәрігер шақырсам, келіп ауруды басатын екпе салып кетеді. Одан не ем болар дейсіз?!” – дейді Владимир Широков.

Владимирдің Германияда тұратын ұлы бар екен. Ал ағайын-туыстары Қостанай облысында. Бірақ мына азап тіршілікте оған көршісі Александр ғана көмектесіп жүр.

“Ағзасын май басып кеткен. Томографияға түсірейін десек,ол нәтижелерін нақты шығарып бере алмайды. Сондықтан бізде рентген іске қосылған кезде соған түсіргелі отырмыз. Әзірге ауруды басатын дәрі салып амалдай тұрамыз”, – дейді Іле аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ләзиза Сүлейменова.

Дегенмен Владимирге ақыры компьютерлік томография жасалыпты. Арқасында остеохондроздан басқа ауру жоқ деген қорытынды шығарған. Енді ол аумақтық дәрігерінің бақылауымен үйде жатып ем қабылдамақ.


Жіберіп алмаңыз:

Семіздіктен зардап шегетін әйелдерге қарағанда ерлер көп көз жұмады

Қызықты зерттеу: Жарықта ұйықтау семіздікке алып келеді

Әйелдері семіздікпен мақтанатын 10 ел (фото)

Айгүл Бабаеваның қызы күйеуіне бола пластикалық ота жасатты (фото)

Талқылау