Алматы тұрғыны «Оңай» жүйесіндегі олқылықты тізіп сотқа жүгінді

Дүйсенбі, 20 Қараша , 2017 21:21

Жол ақысынан туған дау сотқа жетті. Алматыда «Оңай» жүйесі бойынша және осы картасыз жол жүру құнындағы айырмашылыққа наразы тұрғын қалалық әкімдіктің үстінен сотқа шағым түсірді. Бірақ, екі рет өткен алдын ала тыңдалымға әкімдіктен ешкім келмеді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Қалалық әкімдікті сотқа сүйреген Андрей Ушаков, қаулының күшін жоймайынша алған бетімнен қайтпаймын дейді. Оның айтуынша, қоғамдық көліктегі «Оңай» жүйесі арқылы жол ақысының әр түрлі белгіленуі, халықтың құқығын шектеп отырған көрінеді.

«Әкімдіктің дифференциалды тариф жөніндегі қауылысы біздің конституциялық құқығымызды шектейді. Көлік қызметін пайдалану құқығымызды да бұзып отыр. Жеке компанияның атын жамылған монополистер экономикалық қысым күшімен, өздерінің қызметін тықпалап жатыр. 80 теңгемен жүргің келе ме, 400 теңгеге «Оңай» сатып ал деген сияқты», – дейді шағымданушы Андрей Ушаков.

Қаулының қитұрқы тұстарын тізбелеген Ушаков, қарашаның басында арызданыпты. Алайда, іркес-тіркес екі рет өткен алдын-ала тыңдалымда қалалық әкімдіктен тірі жан төбе көрсетпеді. Ал, сотта аты аталатын үшінші тараптың өкілдері, шағымданушының пайымын негізсіз дейді.

«Дифференциалды тариф «Оңай» жүйесі арқылы іске асқандықтан сотқа үшінші тарап ретінде шақырылдық. Бізге қатысты барлық сұраққа жауап бердік. Бірақ, мен сотқа түскен шағымды дұрыс деп есептей қоймаймын. Бәлкім ол өзін көрсетіп қалуға тырысқан шығар», – дейді «Алматы көлік холдингі» ЖШС директоры Садир Хамраев.

Екі айдан астам уақыт бұрын қаладағы жолаушылар тасымалында енгізілген дифференциалды тариф көпшіліктің қарсылығын туғызған болатын. Содан бері қолында «Оңай» картасы бар жолушылар 80 теңгеден төлесе, қолма-қол төлем жасайтындар 150 теңге беруге мәжбүр. Осыған наразы тұрғын мен әкімдік арасындағы соттың кезекті отырысы желтоқсанның 4-не белгіленді.

Оқи отырыңыз:

Жетімдер үйінде өскен жігіт анасын қалай тапқанын айтып берді

Оралда күйіп қалған жүкті әйелдің құрсағындағы шаранасы шетінеп кетті

Головкин: Екінші кездесуде «Канелоны» нокаутқа түсірем деп уәде бермеймін

«Ағайынды төртеу» лақап атымен белгілі Еркін Ізбасардың бір жыл бойы жуынбағаны айтылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар