Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны футбол матчына бәс тігіп 125 миллион теңге ұтып алды (видео)

Алматыда букмекерлік кеңседен 125 миллион теңге ұтып алған адамның видеосы желіде қызу талқыланып жатыр.

Видео Instagram желісіндегі krutye_agashki тобында жарияланды. Осы уақыттың өзінде видеоны 50 мыңнан аса адам тамашалаған.

Видеода ер адам былай дейді: “Осылай боларын сезгендеймін”, “Ливерпуль” өтті, “Барса” өтті, “Рома” – “Челси” өтті… 125 коэфицентке миллион қойдым”.

Видеода айтылып отырған ойындар 18, 19 қазанда өткен Чемпиондар лигасына қатысты болуы мүмкін.

Қолданушылардың кейбірі видеоның жарнама мақсатында түсірілген болуы мүмкін екенін айтады. Алайда Қазақстан букмекерлер ассоциациясының өкілдері бұл деректі жоққа шығармады, бірақ растаған да жоқ.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев латын әліпбиіне көшу туралы бұйрыққа қол қойды

Алматыда айлық орнына азық-түлік алған жұмысшылар шу шығарды

Мұратхан Тоқмәди өлтірген банкир Ержан Тәтішев туралы бес дерек

Эксперимент: Күйеуім бар деп алдаған қыз балгердің өтірігін әшкере қылды (фото)

Талқылау