Алматы тұрғыны әл-Фараби даңғылынан кобра жыланын тауып алды

Сейсенбі, 21 Маусым , 2016 13:00

Ұзындығы бір метрден асатын үлкен жылан Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойынан табылған.

нрнр

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Тауып алған адам жыланды суретке түсіріп, ғылыми-зерттеу зоология институтына жіберген. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар бұл бауырымен жорғалаушыны алып кеткен.

“Ол жыланның шын мәнінде кобра екені анықталды. Оның уы өлтірілген. Соңғы кездері кейбір экзотикаға әуес адамдар үй ауласына улы жыландарды кіргізіп алып жүр. Олар өзі мен жақындарының басына қандай қауіп төніп тұрғанын түсіне бермейді. Жыландар кез-келген сәтте өздерін қоршаған торды тастап шығып кете алады. Міне, сол кезде не болатынын елестетудің өзі қиын”, – дейді мамандар.

Біздің елде жыланның уына қарсы қолданылатын құрғақ сарысу жоқ екен. Мұндай жағдайда кішкентай баланың өмірін құтқару мүмкін емес, ал ересек адамдардың өзі мүгедектікке шалдығуы мүмкін. Бұл ретте мамандар қазақстандықтардың үйде улы жылан ұстамауларына кеңес береді.

Ал басқа тұрғыдан қарайтын болсақ, жыландар адамды емдеуге де қолданылады, адам ағзасы үшін көп пайдасын да тигізе алады.

Иппотерапия (атпен жүру) және дельфинотерапия туралы барлығы біледі. Міне, жылан да сол секілді адамның шектеулі мүмкіндіктерін дамытуға қолайлы жағдай жасайды екен. Ал бұл туралы дәрігерлерден толыққанды сұрап алу керек.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Айсезім
6 ай 25 күні кері

басқа елден алып келінген ,тажалды көбейсін осы ұлттың көзін құрту мақсатында тасталған болуы ықтимал

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар