Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны үш күнде телефон байланысы үшін 48 мың теңге жұмсаған

Алматы тұрғыны Олжас Сейітов 48 мың теңгесін қайтарып беруін талап етуде.

Айтуынша, үш күн ішінде Kcell мобильді байланысы үшін осынша қаражат жұмсаған.

«Достар, KCell менің 48 мың теңгемді жеп қойды. Емханада жатқам. Сол арада мәселені шешу мүмкін болмады. Кейін сұрармын деп ойладым. Техникалық қателік есебінен болған шығар. Ақымды қайтарар деп үміттенгем. Алайда байланыс  қызметкерлері менің шынында 150 гб жұмсағанымды, ақшамды қайтара алмайтындарын айтты. Мен ғаламторға кіріп те үлгерген жоқпын. Сонда интернет-трафик қалай жұмсалады? Менің телефонды қолданбаған уақыттарымда да трафик жүріп отырғаны белгілі болды», – деп жазды ол желіде.

Шағымына құлақ аспағандықтан алматылық жігіт KCell нөмірін лақтырып, Теле2 нөміріне ауысқан.

Желідегі жазбадан соң мобильді байланыс қызметкерлері тағы да тексеру жүргізетінін, мән-жайды анықтайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін «Кселл» АҚ директордың міндетін атқарушы Гуам Туленов демалыс күні болған техникалық қателіктер үшін қолданушылардан кешірім сұраған.

Тағы оқыңыз: 

Петропавлда түрмеден шыққан әйел бұрынғы күйеуінен балаларын жылатып тұрып тартып алды

Ақтөбелік кәсіпкер Алматы зообағына 5 млн теңге аударды

Қазақстанда сүндетке отырғызу ақысыз жасалуы мүмкін

Талқылау