Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғындары аршылмаған қар үшін наразылық білдірді

Алматыда қардың күрелмей-ақ, еріп бітетін бітетін түрі бар. Қала тұрғындары осыдан екі аптадай бұрын қалың жауған қардың жол жиегі мен тротуарлардан осы күнге дейін тазартылмағанына назары, – деп хабарлайды КТК арнасы.

увыцвы

Магистральді көшелерді аршудан қолы босамаған коммуналшылар орталықтағы өзге көшелерде әлі төбе көрсетпепті. Салдарынан жұрт мұз боп жатқан тротуарларды айналып, көлік жолымен жүруге мәжбүр. Қалың қарды аршу үшін жұмылдырылған техника әлі магистральді көшелерден шыға алмай жатқандықтан, көлік нөпірі аздау жолдарда қар үйілген күйінде қалған. Машиналар жүре-жүре өздеріне жол ашып алса, жаяу жүргіншілердің жағдайы қиындау. Бірі мұзға айналған тротуарды таңдаса, екіншілері тәуекелге барып, көлік жолына шыға салады.

5 күнде былтырғымен бірдей қар түсті деген атқамінерлер бірден 700-ге тарта техника мен 800 жұмысшы екі ауысыммен тынбай еңбек етіп, қала қардан тазартылады деген еді. Тіпті нақты уақытын да айтқан.

“Бір апта көлемінде қаланың барлық көшелері қардан тазаланады. Магистралдық көше бойларынан қар шығарылады”, – дейді Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Нұрдәулетов.

Шенеунік айтқан 27-ші қарашаның өткеніне де бүгін үшінші күн. Осы уақытта қала тазалығына жауапты басқарма бастығы да жұмыстан қуылып үлгерген. Ал уәде сөз күйінде қалды. Себебі шығарылмаған қарды айтпағанда, көп жерлерде жол күрелмеген де. Қарашаның қары коммуналшылардан бөлек пәтер иелері кооперативтерінің дайындығын да бір сынап алды. Күннің көзі сәл жылт еткеннен-ақ еріген ақ ұлпа суға айналып, тесік-шұрық шатырлардан ағуда. Бұл көпқабатты үй тұрғындарына қолайсыздық тудырған.

“Мен күнделікті шатырға шығуға мәжбүрмін. Төбеде 7 шелек бар. Соның барлығы тез толып кетеді. Сондықтан күніне 4-5 рет суды төгемін. Басқа амал жоқ, өзімізге өзіміз ғана көмектесе аламыз”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Виктор Славгороцкий.

83 жастағы Виктор Славгороцкий кооператив басшысының сөзінен шаршап, қолына күрек алып шатырды осылай өз күшімен тазартуға кіріскен. Сондай-ақ қаладағы үйлердің басым бөлігінде алып мұз сүңгілер пайда болып, адам өміріне қауіп төндіруде. Бірақ оған әкімдік те, пәтер иелері кооперативтерініңі басшылары мен төтеншеліктер де жауапты емес екен.


Жіберіп алмаңыз:

Елімізде жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі кемуі мүмкін

Алматыда сәбиін аяусыз сабаған әйел Өзбекстанда жазасын алатын болды

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан Жәнелге 12 млн теңге жинап берді

Қазақстанда 30 мыңға жуық сотталушы түрмеден босатылады

Талқылау