Алматы туралы кеңес заманында түсірілген туындылар көрерменнің көзіне жас үйірді

Сейсенбі, 22 Желтоқсан , 2015 21:21

1978 жылы түсірілген Алматы туралы деректі фильмдері тұңғыш рет көрермен назарына ұсынылды

алматы

Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Алматыда «Ғылым ордасы» РМК кешенінде Қазақстанның көрнекті кинорежиссері және кинооператоры, ҚР кинематографиясының үздігі, КСРО кинематографистер одағының мүшесі Анатолий Мищенкоға 75 жасқа толуына байланысты құрмет көрсетілді. Бұл шараға кино саласының мамандары мен ардагерлері, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өкілдері, жас ғалымдар және студент жастар қатысты.

Шара барысында Анатолий Васильевич Мищенконың сонау 1978 жылы түсірген «Город яблоневых зорь» және 1982 жылы түсірген «Вечерняя Алма-Ата» толықметражды деректі фильмдері тұңғыш рет көрермен назарына ұсынылды. Бұл фильмдерді өңдеп, қайта қалпына келтіріп, сандық форматқа айналдыруға «Қазақфильм» киностудиясының мамандары бір ай уақыт жұмсаған. Кезінде бұл екі фильм қазақ киносының 60 жылдығы құрметіне КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс және қола медальдарына ие болған.

Сол жылдары «Қазақстан» телеарнасынан көрсетілген соң, ұзақ жылдар киностудияның мұрағатында қалып қойған. Енді міне, 30 жылдан астам уақыттан соң, тұңғыш рет сандық форматқа өткізіліп, көрермен назарына ұсынылды. Көрермендер бұл туындыларды аса жылы қабылдады, тіпті көздеріне жас алғандар да болды.

Айта кетелік, Анатолий Мищенко өзінің шығармашылық жолында 80-нен астам деректі фильмдер түсірген. Олардың көпшілігі бүкілодақтық және халықаралық кинофестивальдерде жүлде алған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар