Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Almaty Towers» кинотеатрында болған өрттен бір адам қаза тапты

«Almaty Towers» бизнес орталығы ғимаратында болған өрт кезінде 1 адам мерт болды.  Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлайды.

9acfefdc31907204d6d17160742cdb315

” Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Бостандық ауданындағы Байзақов көшесінің 280-ші үйінде өрт шыққандығы жөнінде хабар келіп түсті. Қызметкерлер мен техника қажетті жерге жіберілді. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 18-11-де жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде 6 қабатты «Almaty Towers» бизнес орталығының ғимаратының шатыры жанып жатты.

Бұл уақытта өрттің қосарланған ғимараттың өзге де жақтарына өршу қауіпі туындаған еді. Өрт тұтанғанға дейін онда темір ұстасы тиісті жұмыстар жүргізген. Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері оқиға орнына жеткенше, 1962 жылы туған азамат ауа жетпей, иіс газынан уланып мерт болды. Өртті сөндіру кезінде 80 адам эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері қолға алған шаралардың арқасында өрт сағат 20:30-да ауыздықталды.

Жалын шарпыған аймақ 1800 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге 150 жеке құрам мүшесі мен 34 техника қатысты. Сонымен қатар тілсіз жаумен күресуге Ұлттық ұланның 50 жауынгері, Алматы қалалық ІІД-нің 65 қызметкері, қосымша 30 техника жұмылдырылды. Зертхана мамандары осы уақытта өрттің неден тұтануы мүмкіндігін зерделеуде, – делінген хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада 19 жастағы бойжеткенді күйеу жігіті аяусыз соққыға жыққан

Мамандар әтірді кіндікке себуге кеңес берді

Айыппұлы барлар енді Алматыдан шыға алмайды

Талқылау