Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларына тұрғындар көліктерімен бара алатын болды

«Медеу» және «Шымбұлақ» таулы қыраттарына автокөлікпен баруға осы аймақ тұрғындары мен жұмысшыларына шектеу қойылмайды, – деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

11142208

Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" хабарлайды.

Аталған қыраттарға жеке көлікпен шығуға шектеу мемлекет басшысының қала экологиясын жақсарту және 2017 жылы болатын 28-қысқы универсиадаға дайындық аясындағы тапсырмасы болатын.

Өзге алматылықтар және қала қонақтары үшін Медеуден Шымбұлаққа дейін газбен жұмыс істейтін автокөлікпен, кабельдік немесе таксимен бару да ұсынылады.

Сондай-ақ, 18 қаңтардағы қала әкімінің бекітуімен мемлекеттік «Медеу» табиғи бағын дамыту кешенді жоспары бойынша «Денсаулық» атты саты жасалмақ. Оның қабырғалары серпентиннен қоршалып,  іргелес аумақтағы бөгеттен Шымбұлаққа дейін жалғасатын болады.

Сонымен қатар, тұрақтан Медеуге дейін бірыңғай жаяу жүру жолдары жұмыс істейді. Медеу бағында адамдардың жақсы демалуына орай атқарылып жатқан қызметтер Франция, Швейцария өзге де мемлекеттердің тәжірибесінен алынған.

Бұған дейін, елбасының қаланы Бауыржан Басқаруы керек екенін айтып, сол орайда Алматы тауларына көлікпен емес, аспалы жол арқылы шығу туралы сөз еткенін хабарлаған болатынбыз.

Талқылау