Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы-Талдықорған тасжолында ер адам полицейлердің әрекетін видеоға түсіріп жариялады

Алматы-Талдықорған тасжолы бойында жүргізуші полицейлерідің әрекетін камерасына түсіріп алды. Ол жол полицейлерінің «Крис П» фоторадар кешенін заңсыз қойғанын айтып айыптады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Оқиға Сарыөзек ауылына жақын маңда болды. Жүргізуші жол полицейлерінен өздерін таныстыруды сұрады. Фоторадарды не себепті жол бойына еш белгісіз орнатқанын білмек болды. Мұның заңсыз екенін айтып дауласты. Жол полицейлері оның талабын орындап, өздерін таныстырған жоқ. Алайда бірнеше минуттан соң кешенді алып, көлікті жүксалғышына салды.

“Мен мұны желіге жариялап, кейін жауапты басшылықтарыңызға жіберем. Аты-жөніңізді неге айтпайсыз? Бұл дұрыс емес. Бұл нағыз жемқорлық. Не себепті мен сіздер үшін артық ақша төлеуім керек. Радар тұрғаны жөнінде ешқандай белгі жоқ”, – дейді жүргізуші.

Департаменттің баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев кешеннің жол бойындағы заңбұзулышықтарды анықтау үшін қолданылғанын айтты.

“Бұл радардың құжаты, сертификаты бар. Оны жылдамдық тәртібін анықтау мақсатымен орнатқан”, – дейді Серік Үпиев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау