Алматы түбіндегі әуе апатынан қаза тапқандардың толық тізімі жария болды

Кеше Алматы облысы, Іле ауданы аумағында Ан-28 ұшағы құлап, экипажбен бірге 5 адам ажал құшты. Алматы-Шымкент бағытында ұшқан әуе кемесі East Wing әуе компаниясына тиесілі болған.

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Алдын ала деректер бойынша ұшақтың қозғалтқышынан ақау шыққан. Экипаж екі айналым жасағаннан кейін ұшақты алаңқайға қондырмақшы болған. Өкінішке қарай төмендеген сәтте ұшақ электр желісі сымына ілінеді. Ол кенеттен бұрылып, қанаты электр бағанасына тиген.

Компанияға жақын дерек көздерінің мәліметінше, бұл ұшақтың аз ғана уақыт бұрын қозғалтқышы өртенген екен. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше борт жас босанған әйелге медициналық көмек көрсету үшін аттанған.

Назарларыңызға әуе апатынан қаза тапқандардың тізімін ұсынамыз:

Әуе кемесінің командирі – Цой Г.Н., Қырғызстан азаматы, екінші пилот – Кутафин Е., ҚР азаматы, Ан-28 ұшағының борт технигі Бейшебек Ақматбаев.

Сондай-ақ, санитарлық авиация бригадасы құрамында екі танымал қазақстандық дәрігерлер: профессор, акушер-гинеколог Талғат Патсаев және профессор, дәрігер-реаниматолог Жәнібек Артықбаев.

Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандардың отбасына моральдық және материалдық көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр. Ал еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ұшақ апатын тексеру үшін арнайы комиссия құрған.

Үшінші қазанда ұшып шыққан санитарлық авиация ұшағы Ан-28 12 минуттан соң радардан жоғалып кетті. Ұшақ Алматыдан Шымкентке аттанған болатын. Бортта бес адам болды, оның ішінде командир, екінші ұшқыш, авиатехник, екі дәрігер болған. Бәрі қаза тапты.

Тағы да оқыңыз:

Қорғаушысы: Қытайда түрмеде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың ақталуына сенім бар

Ақмола облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

Қарағанды облысында 5 жыл сексуалды құлдықта болған әйелге қатысты іс тоқтатылды

«Сиыр-говядина, қой-баранина»: Дәмханада жазылған аударма сөз жұртты күлдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар