Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда судья қызын ұзатқан той ұйымдастырушылардың ақысын бермей кеткен

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі судьяның қызының ұзату тойының ақысы төленбегендігіне байланысты пікір білдірді.

uzatu1107

Бірер күн бұрын Жанар Исакова Фейсбук парақшасында тойды безендіргені үшін ақша төлемей кеткен клиент туралы жазған болатын. Ол Алматы аудандарының бірінің судьясы екен. Кейінірек қалалық сот аталған жағдайға байланысты пікір білдірді.

“Кеше Жанар Исакова жеке парақшасында тойды әрлегені үшін ақы төлемей кеткен клиент туралы жазған еді. Ол Әуезов аудандың сотының судьясы Мақсат Сейдахметов”, – деп жазады баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов Фейсбукте.

Қызметтік тексеріс барысында Мақсат Сейдахметовтың 2017 жылдың 8 шілдесінде қыз ұзату тойын өткізгені анықталды. Судьяның жұбайының айтуынша, салтанатты шара туралы келісімді олармен мейрамхана әкімшілігі жасасқан.

“Барлық келісім ауызша жасалған. Қызмет түріне безендіру, қызмет көрсету, музыка және мейрамхананың арендасы да кірген. Мейрамхана әкімшілігі салтанатты шараны өткізуге байланысты алдын ала төлем жасаған. Ал ақшаның қалған бөлігі тойдан кейін берілетін болған. Ол ақшаның ішіне залды безендіру ақысы да кірген”, – дейді Махамбетов.

Сот өкілдерінің айтуынша, бұл ретте тапсырыс берушілер ақы төлеуден еш бас тартпаған. Демек, Жанар Исакованың алаңдаушылық білдіруіне еш негіз жоқ көрінеді.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да педофил кішкентай қызды шешіндіріп тастаған жерінен ұсталды

Атырау облысында құтқарушылар теңізде жоғалып кеткен балықшыны үш күннен кейін тапты (видео)

Итальяндықтар екі жасар бүлдіршінді ЭКСПО көрмесінде ұмытып кетті

Ерке Есмаханның әнін саппен жүріп айтқан сарбаздар жұртты ду күлдірді (видео)

Талқылау