Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері қақпаларға қазақ халқы жайлы 45 метрлі сурет салды (фото)

Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері 30 суретшіден құралған топ 14 сәуір күні құйма қақпаларға қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертететін «Менің Отаным» атты панорамалық суретті салып бітіруді жоспарлап отыр.

Безымянныйпп

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Ұзындығы 45 метр болатын суретті салуға 130 келі бояу кеткен. Студенттері құйматасқа небір классикалық туындылар салуға болатынын дәлелдемек.

Әли Бақтыгереевтің жетекшілігімен қолға алынған жұмыс аяқталуға жақын.

ф

Қолдарына қылқаламын ұстаған суретшілердің жұмысынан көшпелі қазақ өмірінің тарихын білуге болады. Суретшілер құйма қабырғаларға шауып бара жатқан жылқыларды, ақ кептерлер мен шығыстың сұлу қыздарын, алып батырлар мен ақсақалдарды, қонақтарын нанмен қарсы алып жатқан үй иесін салуды жөн көріпті.

мм

Топ құрамында Айжаркын Аспандиярова, Ирина Писарюк, Александра Саблукова, Яна Клюкина, Әнел Аскар және Заринэ Киракосян мен жоба координаторы Жазира Жұмашева бар.

Безымянныйкккк

«Соңғы кездері адамдар өкінішке қарай  Наурыз мерекесінің мәнін түсінбей бара жатыр. Олар үстел басына жиналып алып, таңнан кешке дейін тамақтанады. Бұл дұрыс емес. Наурызда адамдар мейірім көрсетіп, жақсылық жасауы керек. Біз туған қаламыз үшін қандай игі іс жасай аламыз деп ойланып, ақырында «Менің Отаным» атты суретті салуды кұп көрдік. Барлығыызды 14 сәуір күні болатын Наурыз мерекесін тойлауға шақырамыз. Қонақтарды керемет тосынсыйлар күтіп тұр. Сонымен қатар біздің жұмысымызды да бағалайтын болады», – дейді Әли Бақтыгереев.

сс

сссс

ф ч

чч

Татьяна Аладьина

Талқылау