Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы соты өзінің 3 жасар ұлын зорлады деп айыпталған әкені ақтап шықты

Алматыда өткен сот отырысында 3 жасар өз ұлын зорлады деп айыпталған әке ақталып шықты. Баланың анасы соттың бұл шешімімен келіспейтінін айтып ашынады.

9113-700x402

Сурет: picsnews.net 

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 2015 жылдың 3 қазанында болған. Анасының айтуынша, 2011 жылы дүниеге келген 3 жасар бүлдіршіннің әкесі әйелінің үйде жоқтығын пайдаланып, өз ұлын зорланған. Ұлының денесіндегі көгерген жерлерді байқаған анасы, оны сараптамадан өткізуді жөн көрген.

“2015 жылғы 8 наурыздағы № 04-08-247 сот-медициналық сараптамаға сәйкес, бала тік ішек айналасында көгерген жерлері бар. Сот-медициналық сараптама кезінде мамандар ұлымның тік ішек жолдарынан тампон мен мазок алып, ұрықтың құрамын зерттеп көрді, – дейді бүлдіршіннің анасы.

Сот-биологиялық сараптама нәтижесіне сәйкес, баладан алынған ұрық әкесінікі екені анықталған.

Ал, 2015 жылдың 20 қарашасындағы сот-генетикалық сараптамаға сәйкес ұрық баланың әкесінікі емес делінген.

Сондай-ақ, баланың анасы 2015 жылдың 30 қазанындағы № 7281 сот-техникалық сараптамаға сәйкес, баланың әкесінің ноутбугынан порнографиялық мазмұндағы 208 видеофайл табылғанын айтады.

Бүлдіршінді тексерген психолог мамандар да баланың сексуалды сипаттағы зорлық әрекетінен зардап шеккенін айтқан.

Істе психологтың қорытындысы мен тергеу протоколы көрсетілген. Осыған байланысты зардап шеккен баланың анасы әділдікті талап етеді.

Талқылау