Алматы саябақтарының бірінде бітіруші түлектер жаға жыртысып, төбелескен

Алматы қаласындағы саябақтардың бірінде түлектердің жаға жыртысып, төбелескені видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Алматы саябақтарының бірінде бітіруші түлектер жаға жыртысып, төбелескен

Алматы ІІБ-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек түсіндіргендей, Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінің түлектері Тұңғыш Президент саябағында төбелескен.

«Жанжал мұғалімдердің, сынып жетекшілердің және саябақта қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген жасөсіпірімдер полиция қызметкерлерінің көмегімен сол жерде шешілді. Қоғамдық орында төбескен түлектер бір-біріне ешқандай шағым түсірмейтіндерін айтқан», – деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Осыған орай, сынып жетекшілер мен ата-аналарға түлектер арасындағы жанжалдардың алдын алу бойынша жұмыстар жүктелді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар