Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойған жүргізушіні тапты (видео)

Алматы полициясы жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойған жүргізушіні тапты. Оған айыппұл жазасы тағайындалды.

Алматы полициясы жедел жәрдемге жол бермей қойған жүргізушіні тапты (видео)

Аталған оқиға түсіп қалған видео желіде тарап кеткен еді. Полиция видеоға талдау жасап, жүргізушіні жазалауды ұйғарған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Honda маркалы көлікті тізгіндеген әйел тар көшеде жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. 30 жастағы әйелге қатысты хаттама толтырылды», – дейді жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Артынша тәртіп сақшылары құқық бұзған жүргізушімен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау