Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүздеген адамның қалтасын қаққан алаяқтардың суретін жариялады

Күдіктілер ұсталды. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

рваорвл

Əуезов ауданы ІІБ тергеушісі Нұрсұлтан Рахмановтың айтуынша, 1971 туған Сатбаева Мадина үйсіздерге мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алып беремін деп, олардың 7 млн теңгеден астам қаржысын жымқырып келген.

1966 жылы туған Бақбергенова Айнагүл де өзінің қалталы таныстары барын алға тартып, Қарасай, Қырғауылды аудандарынан жер телімін алып беруге жалған уəде берген. Оның азаматтарға келтірген залалы 6 млн теңгеге жеткен.

рподлвжы

Түрксіб ауданының ІІБ ақша үшін барлық шаруаны дөңгелетіп берем деп тұрғындардың сеніміне кіріп, алдап келген Əбдіханов Мұратты ұстаған. Тергеуші Жангелді Төлеуовтың айтуынша, ол құжаттарды заңдастыру, үй, жер алып беру сияқты тірліктерді тындырып берем деп елден 16 мың доллар иемденген.

апролдж

Алматы полициясы бірнеше рет істі болған Ресей азаматын ұстады. 2015 жылдың жаз айларынан бастап, ол алматылықтарды тиімді несие алып беремін деп алдап келген. Өзінің ерекше мүмкіндіктерін Алексей Ерольский интернетте жариялаған.

ролджэ

Қалалық ІІД аталған азаматтардың əрекетінен жапа шеккен адам болса, полицияға хабарласуын сұрады.

Талқылау