Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы ұрланған мобильді телефондарды бұғаттайтын болады

Ұрланған телефон туралы полицияға арыз түскеннен кейін оларды ІМЕІ коды бойынша бұғаттап тастайтын болды.

330_krazha_sotovogo_telefona1111111

“Алматы полициясы ұрланған телефондарды ІМЕІ коды бойынша бұғаттауды қолға алды. ІІД дерегінше, бұл қызмет ұялы байланыс операторларының көмегімен жүзеге аспақ. ІІД мен ұялы байланыс операторлары арасындағы жақында ғана қол қойылған меморандумның арқасында мүмкін болып отыр»  – делінген хабарламада.

Телефонды бұғаттау телефон иесінің рұқсатымен жүзеге асады.

Қала прокуратурасымен бірігіп біртекті алгоритм дайындалды. Ішкі істер органдары ұялы телефонын жоғалтқан адамдарды зардап шегуші деп танып, оған ұялы байланыс операторларына құрылғыны ІМЕІ коды бойынша бұғаттауды сұрап өтініш жазуы керек.

“Бұғаттауға білдірілген әрбір өтініштің жанына телефонның ұрланғандығын және оның шын мәнінде зардап шегушінің құрылғысы екендігін растайтын тергеушінің хаты қоса беріледі. Ал ұялы байланыс операторлары ішкі істер органдарына телефонның бұғатталғандығы туралы, бұғатталмаса не себепті бұғатталмағандығы туралы хабарлама беруі тиіс» – деп түсіндіріп өтті Алматы ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, алматылық полиция бұл тәжіриені қазірдің өзінде қолданып жатыр. Тәртіп сақшыларының болжамынша, алғашқы кездің өзінде-ақ телефон ұрлануын 25%- ға дейін азайтуға болады. Сонда ұялы телефон материалдық құндылық болудан қалады. Және қылмыстың осы түрі азаяды.

“Бұл туралы қалада барлық ақпарат көздері бойынша хабар таратылады. Қылмыс орын алған жағдайда біз жаңа технологияларды барынша пайдаланатын боламыз. Телефонды ІМЕІ коды бойынша бұғаттау – сол жаңа технологиялардың бір парасы» – деп айтып өтті полковник Таймерденов.

Полиция аталған шараның Түркия, Австралия, Франция, Германия, Украина және басқа да Еуропа елдерінде тиімділігін көрсеткен дейді.

 

Талқылау