Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы Республика алаңы маңын қоршауға алды

Бейресми ақпаратқа сай тәртіп сақшылары күдік тудырған зхатты тәркілеу мақсатында аталған аумақты қоршауға алды делінген.

Алматы-полициясы

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазды.

Куәгерлер Алматыдағы Бәйсейітова көшесі Абай даңғылымен қиылысынан бастап  Республика алаңына дейін қоршауға алынғанын айтуда.

Куәгерлердің айтуынша, Бәйсейітова көшесі бойынан “белгісіз пакет” табылған. “Қоршауға алынған аймақта орналасқан үйлерден тұрғындар мен кеңселерден қызметкерлерді шығармай тұр. Полиция қызметтік итпен аулаларды тексеріп жүр” деген.

Қазірге болған жайт қала тұрғындарының үрейін ұшырғанымен ІІД, Төтенше жағдайлар қызметі де ешқандай ақпарат таратпай отыр.

Талқылау