Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы қатерлі ісікке шалдыққан баланың арманын орындады

Алматы қалалық полициясы онкологиялық аурудың ауыр түрімен күресіп келе жатқан 5 жасар баланың арманын орындады. Осылайша Әділет Әбішев бір күнге полиция қызметкері болып көрді, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы полициясы қатерлі ісікке шалдыққан баланың арманын орындады

Алматы қаласының жол-патруль полициясының қызметкерлері Әділеттің ауыр тағдыры туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Фатима» мешітінің өкілдерінің хатынан білген. Хатта имамдар қатерлі ісікке шалдыққан баланың полиция қызметкері болғысы келетінін жазыпты.

«Өкінішке орай онкологиялық ауруларға балалар да жиі шалдығады. Әділет туралы, оның арманы туралы білгенде, біз қалыс қала алмадық. Осылайша оны полицияның қызметтік көлігімен алып жүрдік», – дейді Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің жол-патруль полициясының полк командирі, полковник Манат Саттаров.

Алматы полициясы қатерлі ісікке шалдыққан баланың арманын орындады

Өз кезегінде 5 жасар Әділет те полицейлермен кездесуге әбден дайындалған. Ол кездесуге полицияның қызметтік киімін киіп, көтеріңкі көңіл-күймен келген.

«Әділетке өте қызық болды. Ол патруль кезінде полиция қызметкерлерінің жанында отырып, белсенді түрде атсалысты. Ол өзін нағыз полицей сезінді. Алайда бұл расымен де солай. Әділеттің ауыр дертпен күрескен әр күні жеңіс саналады», – дейді Манат Саттаров.

Алматы полициясы қатерлі ісікке шалдыққан баланың арманын орындады

Өз кезегінде Саттаров алматы полиция гарнизоны, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке өз атынан Әділетке жақын арада сауығып, болашақта полиция қызметкерлерінің қатарын толықтыруын тіледі.

Алматы полициясы қатерлі ісікке шалдыққан баланың арманын орындады

Сонымен қатар құқық қорғаушылар ерікті, ҚМДБ, мешіт өкілдерімен бірлесе отырып Әділетке полиция көлігі түрінде ойыншық пен балаларға арналған көлікті тарту етті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау