Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы кәсіби ұрылардың суретін жариялады

Алматы полициясы қауіпсіздік мақсатында бірнеше рет істі болып жауапқа тартылған азаматтардың суретін жариялады.

Олардың арасында 33 рет ұрлық жасаған азаматтар да бар, деп хабарлайды 31 арна.

Полиция Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Алматы облысынан шыққан 19 ұрының аты-жөнін, суретін жария қылды. Олардың ешқайсысы 40 жасқа толмағандар. Суретте аты аталған Александр Пантелеенко мен Берік Темербаев қазір іздеуде.

Полицейлер суретте көрсетілген ұрылардың сіздің қасыңызда жүруі мүмкін екенін ескертеді. Олар қанша рет жауапқа тартылса да, ұрлығын қоймағандар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау