Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы қалалықтарға антитеррорлық жаттығу туралы ескертті

4 тамыз, бейсенбі күні Алматы қаласында “Тамыз-Антитеррор-2016” деп аталатын жоспарлы антитеррорлық жаттығу шарасы өткізіледі. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД Баспасөз қызметі хабарлайды.

12561948

“Алматыдағы терроризммен күрес қалалық штабы өткізетін жаттығу мақсаты – террорлық қауіп төнген кезде қандай әрекеттер жасау керектігін сараптау үшін”, – делінген хабарламада.

“Тамыз-Антитеррор-2016” жаттығу аясында жеке құрамның қызметкерлері мен арнайы техникалар қызмет етеді.

“Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан шу көтермей, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек,  18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Осы жағдайдан соң қаладағы тәртіп күшейтіліп, азаматтардың қауіпсіздігі үшін сақтық шаралары қарастырылуда.

Талқылау