Алматы полициясы балаларды кіргізген түнгі клуб иелерін жауапқа тартты

Сейсенбі, 9 Ақпан , 2016 14:49

Алматының жергілікті полиция қызметі балаларды түнгі уақытта кіргізген ойын-сауық және компьютерлік клуб иелерін жауапқа тартты. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

20160209132255

Бұл бойынша ҚР Әкімшілік қылмыстық 422 бабымен жауапкершілік қарастырылған. Заңға сәйкес кәмілетке толмаған жасөспірімдер түнгі 23.00-ден кейін ата-анасының ілесіп жүруінсіз көңіл көтеру немесе компьютерлік клубтарда болмауы тиіс.

«Әсіресе мектептегі демалыс кезінде ата-аналар балаларын қатаң қадағалауға алуы керек. Көп жағдайда жасөспірімдер қылмыс құрбаны болып немесе қылмысқа барып жатады. Балалардың түнгі уақытта кіргені үшін мекеме әкімшілігі де жауапсыз қалмайды. Әкімшілік бірінші кезекте тұлғаның жасын, құжатын сұрауы керек», – деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің ювеналды басқармасының басшысы Лейла Әліпбаева.

Полиция жыл басынан бері заңды орындамаған 17 мекеме басшысын жауапқа тартты. Сондай-ақ, баласын қаңғыртып қойған 470 ата-ана әкімшілік жаза алды.

Қазір аталған істер мамандандырылған ауданаралық жасөспірімдер ісі бойынша сотқа жіберілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар