Алматы полициясы арнайы операция арқылы тапа-тал түсте ұрланған ер адамды құтқарды

Дүйсенбі, 24 Сәуір , 2017 13:19

Алматы полиция арнайы операция өткізу арқылы ұрланған ер адамды құтқарып қалды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.

-qkHcTi5wjza

Алматы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 30 жастағы Самар Алиевті ұрлап кеткендердің кім екенін анықтады.

“Олардың кәсіпкерді ұстап отырған мекен-жайы анықталды. Бұл – Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың біріндегі жеке үй екен. Ол жерде адамды босатып алу бойынша арнайы операция жүргізілді. Нәтижесінде азамат Алиев аман-есен шықты. Оның денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексі 128 бабы бойынша үш адам уақытша тергеу изоляторына қамалды. Аталған жағдайға басқа да азаматтардың қатысы бар екендігі тексеріліп жатыр. Алдағы сотқа дейінгі тексеру барысында адам ұрлауға не себеп болғаны анықталады”, – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салсақ, өткен аптада белгісіз біреулер Самар Алиевті өз көлігінде отырған жерінен ұрлап кеткен.

Оқи отырыңыз:

Талдықорғандағы Назарбев мектебінде 18 оқушы астан уланып қалды

Үйлері су астында қалған ақтөбеліктер биліктен жаңа пәтер талап етіп жатыр

Көкшетауда клиенттеріне есірткі сатқан шаштаразшы жігіт ұсталды

Алматыда 8 жасар қызды азғынның қорлауынан құтқарған оқушы марапатталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар