Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы адам жегіш туралы жалған ақпарат таратқанды анықтады

Алматы полициясы кісі өлтіруші-каннибал Николай Жұмағалиевтің психатриялық емханадан қашып кеткені жайлы жалған ақпарат таратқан азаматшаны анықтады.

174866

Бұл туралы бүгін Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желілерде Николай Жұмағалиевтің қашып кеткендігі жайлы ақпарат пайда болған соң, Криминалды полиция Басқармасы кешенді іздеу шарасын жүргізді. Соның нәтижесі бойынша жалған ақпараттың авторы анықталды. Ол Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш кентінің 21 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Қазіргі таңда 21 жастағы бойжеткеннен полиция бөлімшесінде жауап алынып жатыр. Ол бұл ақпаратты ойдан шығарғандығын мойындады. Оның не себептен мұндай әрекетке барғаны қасақана жалған ақпарат таратқандық дерегі бойынша (ҚР ҚК 274-ші бабының 2-ші тармағы) басталған сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.

Тәжірибеге сүйенсек, мұндай фактілер аз емес. Осыған байланысты, азаматтардың тағы да есіне салғымыз келеді. Қасақана жалған ақпарат таратқан адам тиісті заңнамада көрсетілгеніндей қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл қылмыс үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді Алматы қ. Криминалды полиция Басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

Талқылау