Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы белгісіз жағдайда қаза болған әйел өлімінің себебін анықтауда

Полицейлер әйел өліміне әкеліп соқтырған жайттың куәгерлеріне іздеу салуда. Оқиға өткен жылдың қазанында болған еді.

8650230

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Төрт ай бұрын Алматыда жол жағасынан белгісіз себеппен жастау әйел азаматының өлі денесі табылған еді.

« Қайғылы жағдай «Сары Арқа» базарының маңындағы Алтынсарин мен Қуанышбаев көшелерінің қиылысында 12-ші қазанда болған. Жол жиегінен шамамен 23-30 жас аралығындағы әйел кісінің денесі табылған. Мамандар оның мәйтін зерттей келе ауыр соққыдан өлген болуы мүмкін деген қорытынды жасаған»,-делінген хатта.

Алматы қаласы ІІД полиция подполковнигі Ерік Насырбеков осы жайтқа байланысты бірнеше болжамның барын айтқан.

Баспасөз баянындағы мәліметке сай төрт ай уақыт өткенімен келіншектің нақты кім екені анықталмаған.
Болжамдардың бірі адам өлімі жол-көлік оқиғасы салдарынан болуы мүмкін дегенге саяды. Келесі бір болжам бойынша әйел жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өткен кезінде көлік қақан болуы мүмкін.

« Жағдайды толық-қанды зерттеу мақсатында оқиға жайлы білетін, себептерімен таныс адамдарды көмек қолын созуға шақырамыз. Мұндай қайғылы жайттың құпиясын ашуда оқиғаны кенеттен байқап,көріп қалған белсенді азаматтар атсалысады деп ойлаймыз.Кез келген уақытта мына байланыс номерлеріне хабарласуыңызға болады:254-47-39, 8-777-280-15-55, 8-707-222-88-87, 8-707-837-78-13немесе 102 номеріне қоңырау шалыңыз. Ақпаратпен бөліскен кісілерге арнайы сыйақымыз бар»,-дейді подполковник Насырбеков.

Талқылау