Алматы полициясы 15 жастағы мүгедек баланы өз қамқорлығына алды (фото)

Сәрсенбі, 16 Наурыз , 2016 11:00

Алматы полициясы 15 жастағы мүгедек баланы өз қамқорлығына алды. 15 жастағы Азамат Сәтпаев сүйегі сынғыш ауруының салдарынан сол аяғынан айырылған. Қазір ол мүгедектер арбасымен қозғалады.

20160316100930

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Баланың отбасы шағын отбасыларға арналған жатақханада тұрады. Науқасқа қарайтын бір адам керек болған соң үйде тек отағасы жұмыс істейді.

Қазір жеткіншек №40 мектептің 10-сыныбында оқиды. Қазір үйден білім алып жатса да, мектеп бағдарламасынан еш қалған емес.

«Өте талантты бала. Өзі өлең жазады. Шағын скетчке сценарий жазады. Бостандық аудандық ІІБ бөлімшесінің қызметкерлері баланың отбасына қажетті азық-түлік пен киім-кешек әкеп берді. Азаматтың қоғамға бейімделуі үшін барлық құзырлы органдарды іске тарттық. Енді демеушілер оған жаңа арба сыйлап, оның спорт секциясына жазылуына көмегін тигізіп жатыр», – деді жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің басшысы Лейла Әліпбаева.

20160316100855 20160316100920 20160316100925  20160316100936

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар