Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полицейлері желіде Абай Құнанбаевқа тіл тигізетін жазбаларды тексеріп жатыр

ІІМ блогында ішінде Абай Құнанбаев пен Абайтану пәніне қатысты мәдениетсіз сөздер жазған Facebook желісінің қолданушылары жайлы жазған болатын. Алматы полицейлері қазір азаматтың арызы бойынша ұлы ақынға тіл тигізген жазбаларды тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

vo-vremja-beremennosti-nemejut-ruki

 «Құрметті, министр, сізден қазақтың ұлы ойышылы Абай Құнанбаевқа тіл тигізген Фейсбук желісінің қолдануышыларын қатысты қандай да бір шара қолдануыңызды өтінемін. Ол толеранттық жүйемізге, тіпті мемлекеттік жүйеге қарсы әрекет етіп отыр», – деп жазған 31 қаңтар күні арызшы.

Оның ойынша, әлеуметтік желіде жазған автордың жазбасы қылмыстық істің «Жала, «Тіл тигізу», «Әлеуметтік, ұлтаралық, діни, ру аралық араздықты туғызушы» баптармен сәйкес келеді.

Жұма күні министрлік атынан арызшыға Фэйсбук желісінде радикалды және әлеуметтік ойларды таратқаны туралы істің қарастырылып жатқанын айтылған болатын.

«Аталған іс ІІМ 2016 жыдың 8 ақпандағы №16000030000629 бойынша тіркелді. Материал Алматы қаласының ішкі істер департаментіне тексеруге жіберілді», – делінген жауап хатта.

Талқылау