Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы өмір сүруге арзан қалалардың ондығына кірді

The Economist Intelligent Unit компаниясының зерттеуі бойынша Алматы өмір сүруге арзан қалалардың үздік ондығына кірген.

ымым

Сурет 7news.kz

Аталған зерттеу бойынша Алматы әлем қалаларының ішінде арзан бағаға өмір сүру деңгейі бойынша 4-ші орынды еншілепті. Оңтүстік астана тек Лусаке (Замбия), Бангалору (Үндістан) және Мумбаи (Үндістан)қалаларын ғана алға жіберген. Ал Алматыдан кейін Алжир (Алжир), Ченнаи (Үндістан), Карачи (Пәкістан), Нью-Дели (Үндістан), Дамаск (Сирия) және Каракаса (Венесуэла) қалалары орналасқан.

2015 жылмен салыстырғанда Алматыдағы қымбатшылық 9 сатыға дейін төмендеген. Ал ең қымбат қалалар тізімінде Сингапур, Цюрих, Гонконг, Женева, Париж, Лондон, Нью-Йорк, Копенгаген, Сеул және Лос-Анджелес шаһарлары көш бастайды.

Зерттеушілер қалалар құнын анықтау үшін супермаркеттердегі 160 тауардың, орта деңгейдегі және өте қымбат дүкендердегі өнімдердің бағасына жүгінген.

Талқылау