Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны сәбиінің шетінеуіне педиатрларды кінәлайды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қанша жерден қатаң ескертсе де, Қарасай ауданының перзентханасының үстінен шағымданушылар азаяр емес. Арнамыздан көмек сұрап келген Жұлдыз Мамутова аман-есен босанған сәбиінің шетінеуіне педиатрларды айыптап отыр.

e3f58a01df16032dbfe250bac00df576__1200x630

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал аурухана басшылығы тексерістің қорытындысы шықпай, ешбір дәрігерді кінәлай алмаймыз дейді.

Бір жарым ай бұрын Қаскелеңдегі перзентханада нәрестесі шетінеп кеткен Жұлдыз Мамутова болған оқиғаға дәрігерлердің салғырттығы себеп дейді. Айтуынша, мамандар арнайы тыныс алу аппаратында жатқан баланы ажыратып бақылауға алмақ болады. Бірақ сәби ауыр тыныстап, көзінің маңайы көгере бастағанын көріп, дәрігерлерге жедел хабарласам да, аппаратқа 5 сағат өткеннен кейін ғана жатқызды деп ашынады.

«Сіз ана жерде тұра тұрыңыз деп кіргізбей қойды. Сосын уақытқа жетпей, 20 минут өткеннен кейін балаңыздың жүрегі тоқтап қалды деп айтып келіп тұр», – дейді шетінеген сәбидің анасы Жұлдыз Мамутова.

Босанғанына қуанып, алты күннен соң кішкентайынан айырылып қалған ана перзентхана дәрігерлері сәби өміріне бейқам қарайды деп қапаланады. Ол күні кезекшілік атқарған маман үйіне кешірім сұрау үшін кісі жібертіп, істі жылы жауып қоюды өтініпті.

«Маған келмедің бе, мен Марияш Елеуовнадан өзім технично бітіріп беретін едім, моральді өтемақы талап етсең, осы жақтан алып берер едім ғой деп айтты», – анасы.

Өткен жылы бір аптада екі сәбидің шетінеуіне байланысты шу көтерілгенде жұмыстан шеттетілген аурухана қызметкері қайтадан оралған екен.

Бірақ жағдай оңалмаған сияқты. Тілшілерді көре салып кіре берісте отырған адамдар да шағым айта жөнелді.

«Босанайын деп жатқан әйелге арыз жазып, қол қойдырған. Босанғаныңа 55 мың теңге төлейсің  деп», – дейді тұрғын.

Баласының не себепті шетінеп кеткені жөнінде тілдей анықтама ала алмай шарқ ұрған Жұлдыз прокуратураға шағымданыпты. Ал маман нақты жауап облыстан келеді дейді.

«Комиссияның жұмысы бүгін соңғы күні, менің білуімше. Біз әлі анықтамасын алған жоқпыз қолымызға. Ол комиссия тергеуі болып жатқан соң, бізден ешқандай қағаз, анықтама берілмейді», – Қарасау аудандық ауруханасы директорының орынбасары Ләззат Қорғанбаева.

Облыс әкімі Амандық Баталов бұл оқиғадан бір ай бұрын бір аптаның ішінде екі бірдей сәбиі шетінеген перзентхана басшылары мен салаға жауаптыларды сынға алған еді.

Аурухананың ана мен бала өміріне жауапты маманы бұл мәселеде ешбір дәрігердің кінәсі дәлелденген жоқ дейді. Себебі істі тексерген, қараған комиссияның шешімі әлі шықпаған. Ал Жұлдызды босанған сәтте оған қараған қызметкерлермен беттестіру үшін оларды шақыртуға жұмыс уақытында құзырым жетпейді деп құтылды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында гипстан соң көз жұмған азаматтың туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлауда

Павлодар облысында босанушы әйел дәрігерлердің кінәсінен қан жоғалтып көз жұмды

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

Талқылау