Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны полицейге шабуыл жасады

Алматы облысының тұрғыны полицейге тап беріп, дене жарақатын салды.

napad-02

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қазір аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталып кетті. Анықталғандай, Қапшағай қаласының  24 жастағы тұрғыны алдымен еш себепсіз темір құбырдың кесіндісімен қаладағы көліктерді зақымдаған. Шұғыл түрде жеткен полицейлердің көлігіне де ішімдік ішіп алған азамат тап берген. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған жергілікті тұрғынды бейберекет әрекеті үшін ұстау барысында полицейде дене жарақатын алды. Абырой болғанда, тәртіп сақшысы  алғашқы медициналық көмектен кейін қайта қызметін жалғастырды.

«Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы («Билік өкiлiне қатысты күш қолдану») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам Қапшағай қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жіберіп алмаңыз: 

Шымкентте бес мың теңге үшін аяусыз соққыға жығылған 4 қыздың әкесі қаза тапты

СҚО-да көктайғақтан болған жол апатынан ерлі-зайыптылар бірге қаза тапты

Алматыда банк күзетшісіне шабуыл жасалды

Семейде күйеуімен ұрысып қалған келіншек сәбиін өзенге ағызып жіберді

Талқылау