Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы тұрғындары: Мектеп директоры көшеде мас күйінде жүреді, қыздардың бөксесін ұрып билейді

Алматы облысы Қосағаш ауылында мектеп директорына қатысты жанжал шықты, деп хабарлайды КТК арнасы.

80 жылдың тарихы бар ғимарат толықтай жөндеуді қажет етеді. Мектеп қабырғалары түсіп, әбден ескірген. Ал, тұрғындардың айтуынша, мектеп директоры бұл мәселені шешудің орнына көңіл көтеріп, басқа мәселемен бас ауыртып жүр.

7 жыл бұрын аудан әкімі жаңа мектеп салынатыны жөнінде айтқан. Алайда мектептің аты бар да, заты жоқ. Тек есеп пен газет беттерінде ғана айтылатынға ұқсайды.

«Кербұлақ ауданының сол кездегі әкімі Досымбеков мектеп салып, тұрғындарға бергенін айтқан еді. Мен барлық прокуратураға бұл жайлы жаздым. Аудандық прокуратурадан «әкім мектеп жайлы емес, бала бақша жайлы айтты» деген түсініктеме келді», – дейді Қосағаш ауылының бұрынғы Кеңес мүшесі Оразғали

«Біздің үйдің ауласында мектеп директоры көлік ішінде мас күйінде отырды. Балалар көрді. Мектеп дискотекасына барып, ұнамсыз би биледі. Бұл балаларға қандай тәрбие?», – дейді тұрғын Нұргүл Қасенова.

«Мектеп жертөлесінде көмір жатқан. Директор оны өз үйіне апаруды сұрады. Мен апарып бердім», – дейді мектеп күзетшісі Байғали Ақжол.

Мектеп директорының өзі журналистермен сөйлесуден бас тартты.

«Мен әріптестеріммен сөйлесем. Егер директор кінәлі болса, оны мойындасын. Көмір ұрлап, ерсі қылықтарын көрсетсе, ол мектеп басқаруға лайықты емес. Мен шара қолдана алам. Бірақ жұмыстан шығара алмаймын», – дейді Көксу ауыл округінің әкімі Жақан Дуанаев.

Мектеп директорының кінәлі не кінәсіздігін білім бөліміндегілер шешеді.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында қылмыскердің түсіне өзі өлтірген ағасы кіріп, кінәсін мойындауға мәжбүрлеген

Ерлі зайыпты 13 баласын үйінде күштеп байлап, аш ұстаған

Талқылау