Алматы облысының тұрғыны үш жылдан бері әйелімен алимент үшін соттасуда

Азаматтың айтуынша, ажырасу барысында балалары мен әйеліне үй қалады, есесіне әйелі одан алимент төлеуді талап етпейді деген келісім жасаған. Бірақ бұрынғы әйелі айтқанында тұрмай шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Алматы облысының тұрғыны үш жылдан бері әйелімен алимент үшін соттасуда

Сабит Малаев бұрынғы әйелін алаяқ деп кінәләп отыр. Тіпті бір жыл өтпей жатып, әйелі лезде алимент төлеуін талап еткен. Көптеген қиыншылықтардан кейін әйелі процессте ұтып шыққан.

«Бір іске қатысты сот төрт шешім қабылдайды. Бұл қалай болғаны? Және мамырдың соңында алимент төлеуім қажет. Соңында, қандай шешімге тоқталуым керек, қайсысы заңды?», – дейді Сабит Малаев.

Алайда үш баланың анасы бұрынғы күйеуімен келіспей өзінің шындығын айтып берді.  Ажырасу кезінде күйеуі үйді қалдырғанымен жаңа автокөлікті алып кеткен. Балаларын барлық керек жарақтарымен қамтамасыз етемін деген екен. Бірақ сөзінде тұрмады. Солай оған сотқа жүгінуге тура келген. Қазір әйел балаларын жалғыз 52 теңгелік айлығына асырауда.

«Үйді ала берсін, мен балаларымды тамақсыз асырай алмаймын ғой. Қазір жылағым келіп тұр. Балаларымды аяққа тұрғызуым керек! Әкесі балаларына 18-ге толғанша көмектесуі керек емес пе? Тіпті не жеп жүр деп те сұрайды ғой», – деп мұңын шақты Амангүл Сұлтанова, Сәбиттің бұрынғы әйелі.

Сотта алғашқы шешім тек ажырасуға қатысты болғанын айтты. Мүліктік сұрақ ол кезде қарастырылмаған. Бірақ анасы алимент төлесін өтініш білдіргенде сот келесідей шешім қабылдаған.

«Мысалы, оның материалдық жағдайы қазір балаларын асырауға мүмкіндік берсе, кейін уақыт өте оны жағдайы нашарлап, өзі балаларын қарай алмаған кезде соттан алимент төлеуді талап етуін өтіне алады. Біз балаларды өмір сүруге керек қаражатсыз қалдыра алмаймыз», – дейді Іле аудандық сотының төрағасы.

Осымен іс бітпесі анық. Сәбит ендігі апелляцияға беріп қойған. Ол қазан айында өтеді. Балалардың анасы да бас тартпай олардың құқығын қорғауға бел буған. Бұл қаншалықты созылатыны белгісіз. Бірақ үлкендердің реніші үшін балалар зардап шекпеу керек. Әрбір бала үшін жауапкершілікті анасы да әкесі де көтеруге міндетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар