Алматы облысының полицейлері Айзада Авлатарованы ұрлап әкеткен адамнан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр

Жұма, 11 Желтоқсан , 2015 12:04

Алматының 1970 жылғы тумасы, бұған дейін бірнеше рет сотталған Игорь Анатольевич Токарев  Айзада Авлатарованы ұрлады деген күдіке ілініп отыр. Ол қазір уақытша оқшаулау изоляторында жатыр.

photo_22899

“Токаревке қатысты, оның қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қатысы жайында білетіндер немесе оның әрекеттерінен зардап шеккендер болса Алматы облыстық ІІД кезекші бөліміне хабарлауды сұраймыз: 8 (7282) 60-80-07, немесе Іле АІІБ кезекші бөлімі – 8 (72752) 2-04-01, Whats App – 8 707 922 32 33”, – деп хабарлады ІІД мамандары.

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова бір жарым апта бұрын жоғалып кеткен еді. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы оқуына бару үшін таксиге отырған. Сабағына қатыспаған қызды сол күні кештен бастап туыстары іздестіре бастаған еді.

10 желтоқсанда Айзаданы арнайы жасақ қызметкерлері тапқан еді. Бұл жөнінде еріктілер Facebook арқылы хабарлады. “Полиция қызметтерін атқарып жатыр. Бұл жолы тапты. Сүйінші. Психолог қажет”, – деп жазды іздеу тобындағы еріктілердің бірі Константин Авершин.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар