БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының кәсіпкері ауылды көркейтудің сырымен бөлісті

Жөнделген жолдар, ғимараттар, жаңа спорттық кешендер. Бұл Алматы облысының ірі күріш шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің басшысы тақраған ізгі іс-шараларының толық тізімі емес. Әбдіжаппар Қыстаубаев өз өңірін жандандыруға күш салып, тұрғындардың ауылдық жерлерден кетпеуі үшін жағдай жасауға тырысады.

“Мен осы ауылда 40 жылдан бері тұрып келе жатырмын, ауылдың жылдан-жылға жақсартылғанын көрген ғанибет. Біз жыл сайын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 15 миллион теңге бөлеміз. Өткен жылы аз қамтылған ауыл тұрғындарының үш үйі мұқият жөнделді. Биылғы жылы тағы жалғастырамыз”, – деді кәсіпкер Әбдіжаппар Қыстаубаев.

Агрофирмасының бастығы Әбдіжаппар Қыстаубаев ауылды күн сайын таңертең жаяу жүріп, Бірлік ауылындағы жолдың жағдайын көзімен көреді. Ауылдағы кәсіпкерлердің әрқайсысы үлес қосса, онда ауыл гүлдене түседі деп есептейді кәсіпкер, деп хабарлады “24 Хабар” арнасы.

Өткен жылы кәсіпорын ескі ғимаратты жөндеді. Қазір мұнда бірқатар ұйымдар бар, ал балалар мұнда спорттық жаттығу жасайды. Ғимарат жанында спорт залын салды.

“Біздің ауылда, меценаттар арқылы спорттық және күрделі нысандар салғанымызға өте қуаныштымыз. Мұнда әрбір кеште жаттығу жасайды, барлық сынып оқушылары үшін тегін. Балаларға айналысатын нәрсе табылды. Нәтижесінде облыстық деңгейге жеткен чемпиондарымыз бар, – деді жаттықтырушы Бейбіт Досмайылов.

Бірлік тұрғындары мейірімді. Барлық мерекелер үлкен көлемде атап өтіледі. Бүкіл әлем ауылды көркейтуге тырысады. Жергілікті тұрғындар іс жүзінде жұмыс істейтін агрофирм көмегімен жаңа мәдениет саябағын орнатты, кафе ашты.

“Ауылда осындай адамдар қажет. Мысалы, біздің менеджеріміз қарттарға және көпбалалы отбасыларға өнімдермен қамтамасыз етеді, көмір, отын береді. Азық-түлік алып беріп, үйін жөндейді. Сондай-ақ ескі ғимараттарды, ауылдың жолдарды қайта жөндейді”, – дейді ауыл тұрғыны Кәркен Әнипаұлы.

“Біздің ауылда 20 шақты аз қамтылған отбасы бар. Ауыл шаруашылық кооперативінің басшылығы оларға көмектеседі. Жылына 2 рет – оқу жылының басында және қысқы суыққа дейін балаларға әр маусымға, кеңсеге толық киім беріп, отбасыларға тамақ пен отын алып береді”, – дедйі мектеп директоры Гүлнәр Кемебаева.

Агрофирм Балқаш аймағындағы ең ірі өндірісі. Мұнда күрішті өсіру және өңдеуден басқа бірқатар жаңа салалар ашылды. Жақында асыл тұқымды малды өсірумен айналысуды қолға алды.  Болашаққа жоспарлары көп.

“Биыл үлкен футбол, мини-футбол, волейбол және теннис корттары ойнайтын үлкен стадионды салуды жоспарладық. Жыл сайын ауылда бірнәрсе істеу керек, содан кейін ол гүлдене бастайды”, – дейді кәсіпкер Қыстаубаев.

Көп ұзамай кәсіпорын базасында ірі бордақылау кешені пайда болады. Бұл жаңа жұмыс орындары болады. Егер адамдар жұмысқа орналасса, отбасыларда тұрақтылық болады. Ал, кәсіпкер ауылдың күшейе беретініне сенімді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр