Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының азаматы әйелін қарумен қорқытып, тонап кеткен

Шонжы ауылының  38 жастағы тұрғыны  өз күйеуінің тонап кеткенін айтып учаскелік полицейге шағымданған.

ұры

Бұл туралы STAN.KZ  сайты “ҚазАқпарат“-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Әйел  65 жастағы ері  өзін қарумен қорқытып, құжаттары мен 500 мың теңгесін алып қойғанын айтқан.

Полицейлер бірден ден қойып, күдіктіні қолға түсірді, қазір ол Ұйғыр АІІБ тиісті айғақ беруде. 12-ші калибрлі «МЦ-21-12» қаруы ұсталған ер адамның атына тіркелген болып шықты. Қару тәркіленіп, іс материалдарына заттай айғақ ретінде қосылды.

Сот алды тергеу ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша жүргізілуде.

Талқылау