Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ешкімге айтпаған сырларымен бөлісті

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов белсенді, дарынды жастармен табиғат аясында кездесіп, барынша еркін сұхбаттасып, бұрын-соңды ешкімге айтпаған сырларымен де бөлісті.

414141

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әсерлі кездесу Талғар ауданының тау бөктеріндегі демалыс орындарының бірінде өткен еді. Облыс әкімімен жүздесіп, сырлы сұхбат құрған өңірдік белсенді жастары – спортшылар мен жас кәсіпкерлер. Жуырда ғана 18 миллионыншы қазақстандық дүниеге келіп, облыс халқының саны 2 миллионға жеткен. Соның 430 мыңнан астамы жастар.

“Жастармен бірігіп 25 мыңнан астам жұмыс орынын ашамыз. Елді мекендерге жастарды шақырып, оларға жаңа жұмыс тауып беруге мүмкіндік жасаймыз”, – дейді әкім.

Аз уақытта облыстық жастар ісіне бөлінген қаржы 70 миллионнан 550 миллион теңгеге жетіпті. Түрлі ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен өз ортасының озаттары да үнемі қаржылай қолдау көреді. Кездесу барысында 5 миллион теңгенің жүлдесін алған инновациялық жоба иегерлері марапатталды.

“Көңіл-күйіміз өте жақсы. Осындай керемет демалыс орынына әкеліп, жастармен кездесіп отырған әкімге көптен көп рахмет. Бұл өте қарапайым кездесу болды”, – дейді Жансүгіров атындағы ЖМУ студенті Гүлім Асхатқызы.

Жастармен кездесіп шабыт сыйлаған облыс әкімі Амандық Баталов келесі кездесудің Талдықорған маңында болатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 1 тамыздан бастап жол ақысы 150 теңге болады

Қытай қазақ руларын шежіре кітап шығару арқылы бөлшектеп жатыр

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Мұратхан Тоқмадидің қылмыс әлеміндегі беделі жайында тың ақпарат шықты

Талқылау