Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі үздік жыл мұғаліміне көлік мінгізді (фото)

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Кәрібаев атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Гүлхан Нұрғазиева Алматы облысы бойынша «Жылдың үздік мұғалімі – 2016» байқауында бас жүлдені қанжығалады.

20160929173052

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Ұстаздар мерекесіне орай өткен салтанатты шарада Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Гүлхан Елубайқызына жеңіл автокөліктің кілтін табыс етті.

«Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің химия және биология факультетінің маманы болып, бүгінде бойымдағы білімімді шәкірттеріме үйретіп, оқытып жатқанымды мақтан тұтамын. Мен өтте бақытты ұстазбын. Еңбек жолымды бастап, осы салада жұмыс істеп келе жатқаныма 14 жыл болды. Ұстаздардың төл мерекесі құтты болсын!.. Шын жүректен құттықтаймын!»,- деді өз қуанышымен бөліскен Гүлхан Елубайқызы.

Ұлағатты ұстаздардың мерейін асқақтатқан салтанатты шарада сондай-ақ «Үздік балабақша» Қарасай ауданы «Бота» балабақшасы , «Үздік ауыл мектебі» – Ақсу ауданы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп, «Үздік кәсіптік білім беру мекемесі» – Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі, «Үздік сынып жетешісі»- Қапшағай қаласындағы №3 орта мектептің ұстазы Жансая Нарымбаева, «Орта білім беретін үздік ұйым» – Қапшағай қаласының орта мектеп гимназиясы үздіктердің қатарынан танылып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.

20160929173111

Шараға қатысқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов барша мұғалімдерді бүгінгі мерекелерімен құттықтап, ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ұлағатқа толы еңбектеріне жеміс тіледі. « Ұстаз – қоғамдағы ең құрметті мамандықтың бірі. Өйткені, ұстаз шәкірттің жүрегіне білімге құштарлықты, Отанға сүйіспеншілікті ұялатады. Қазіргі таңда облыста 2011 жылмен салыстырғанда білім саласының бюджеті 2 есеге ұлғайып, 148 млрд.теңгені құрады. Тәуелсіздік алғаннан бері Алматы облысыныңда 174 жаңа білім беру мекемесі салынды», – деді Амандық Баталов.

Сондай ақ шара барысында «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі үздік үш ұстаз Мария Галиева, Панар Иманғазива және Ермек Алмабековке табыс етілді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда көлікте отырып дәрет сындырған полицей мен оның әріптесі жұмыстан қуылды

Петропавлда әйел адам зулаған көліктердің ортасына тұрып алып би биледі (видео)

Қарағандыдағы мұғалімге қатысты сот: Қылмыстық істе ол куәгерден бас күдіктіге айналды

Талқылау