Алматы облысының үздік ұстазына әкім автокөлік сыйлады

Текелі қаласының тұрғыны, география пәнінің мұғалімі су жаңа автокөлікке ие болды. Ол «Үздік ұстаз – 2017» байқауының жеңімпазы атанды.

Бұл туралы  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Текелі қаласындағы №1 орта мектебінің мұғалімі Бақытжан Молдабаев үздік ұстаз атанды. Аймақ басшысы Амандық Баталов ұстаздар күніне арналған салтанатты мерекеде Молдабаевқа Lada XRAY көлігінің кілтін табыс етті.

“Бүгінде сіздердің алдарыңызда тұрған маңызды міндеттер көп. Танымал жазушының мына бір сөзін ешқашан естен шығармаңыздар: «Біздің балаларымыздың, халқымыздың болашағы ұстаздың қолы мен алтын жүрегінде». Бұл бағытта сіздер үнемі алда жүреді деп сенемін», – деп атап өтті Амандық Баталов.

Бұдан өзге, үш бірдей мұғалім “Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері”, тағы төрт ұстаз “Ыбырай Алтынсарин” төс белгісіне ие болды. Балқаш ауданының мектеп мұғалімі “Ең үздік сынып жетекші” аталымы бойынша марапатталып, 150 мың теңге көлемінде сыйақы алды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда табылған тастанды сәби бөбектер үйіне өткізіледі

Тараздағы көпқабатты үй тұрғындары пәтерінде су кешіп жүр

Қазақ жерінде тағы бір полигон ашылады

Алматыдан Кореяға жезөкшелер алып бара жатқандар әуежайда ұсталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар