Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының үздік дәрігері 500 мың теңгені иеленді

Қарасай аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Максим Стадников Алматы облысының үздік дәрігері атанды. Оған 500 мың теңге ақшалай жүлде табыс етілді.

20160617161948

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Жеңімпаздың кім екені бүгін Талдықорған қаласы Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайындағы залда  медициналық қызметкерлер күні құрметіне өткен салтанатты жиын барысында белгілі болды.

Денсаулық сақтау саласы  қызметкерлерін кәсіби мерекесімен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

“Кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар. Гиппократ кезінен бастап тән мен жанды емдеу ең қиын да игі іске айналып келеді. Күн сайын облыстың дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері жинаған білімдері мен тәжірибелерін науқастардың игілігіне пайдаланып,  жүздеген адамның өмірін сақтап келеді”, – деп атап өтті өңір басшысы.

Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылының амбулаториясы “Үздік дәрігерлік амбулатория”, Көксу орталық ауруханасы “Кезексіз емхана” ретінде танылды.

“Сарқан орталық аудандық ауруханасыдан Салтанат Малайбекова “үздік мейірбике” атанды, ал “Үздік орталық аудандық аурухана” аталымын Талғар орталық ауруханасы жеңіп алды, әр жеңімпазға ақшалай сыйлық табыс етілді.

Осы жылғы денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері кәсіби сіңірген еңбегі үшін облыс әкімінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік кездесу жарқын концерттік бағдарламаға ұласты.


Жіберіп алмаңыз:

Қызылордалық дәрігерлер науқасқа немқұрайлы қарап, тиіс емес орындарға жатқыза береді

БҚО дәрігерлері трактордың арасы орап әкеткен механизаторды аман алып қалды

Өлім аузынан аман қалған пәкістандық Ақтөбе дәрігерлеріне алғысын жаудырды (фото)

Дәрігерлер Баян Есентаеваның жағдайы әлі ауыр екенін айтты

Талқылау